Мәліметтерге жүгінсек, тінту ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық ісі аясында жүргізілген
Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбідрахмановтың үйіне тінту жүргізілді. Бұл туралы YEDILOV ONLINE Telegram-арнасы хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, тінту «Адам жегіш» лақап атымен танылған Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық ісі аясында жүргізілген.
«Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК құпия бөлімшелерінің бірқатар қызметкері мен орта буынның жекелеген басшыларынан жауап алынды», - делінген YEDILOV ONLINE Telegram-арнасында.
Telegram-арнадағы мәліметтерге сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топ құрбандарды таңдап, үш бағытта әрекет еткен:
Айта кетейік, ақпарат орыс тілінен аударылды.