Астанада бас шырша 19 желтоқсанда жағылады

Автор: Azattyq Rýhy

 EXPO аумағында шырша орнату жұмыстары басталып кетті

Фото ашық дереккөзден

Астанадағы бас шырша 19 желтоқсанда жағылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Шырша 19 желтоқсанда жағылады. Концерттік бағдарлама кешкі сағат 18.00-де басталады", - деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Айта кетейік, бұған дейін бас шырша 18 желтоқсанда EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументінің жанында жағылатыны хабарланған еді. EXPO аумағында шырша орнату жұмыстары басталып кетті. 15-16 желтоқсанда Жаңа жыл символы жаңажылдық әшекейлермен безендіріледі.

Тегтер: