$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жатақхана өртеніп, екі адам ауруханаға жеткізілді

Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды

Астанада жатақхана өртеніп, екі адам ауруханаға жеткізілді
Фото ашық дереккөзден

Астанада жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын жатақхана өртенді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «16 желтоқсан күні сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына барды. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі өртенген», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Олар тілсіз жауды сағат 14:27-де өшіріп бітті.

Салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары