Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұман болады
«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы үш күнге, яғни 15-17 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«15-17 желтоқсан аралығында ел аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар орталығы кең антициклонның әсерімен айқындалатын болады, соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады және республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа температурасының түнде 23-28 аязға дейін төмендейді», - дейді синоптиктер.
Тек орталықта, оңтүстік-батыста, ал 17 желтоқсанда елдің шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болады.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұман болады.