Ұлыбритания премьер-министрі Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Ұлыбритания премьер-министрі Мемлекет басшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
ҚР кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Премьер-министр екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін білдірді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым дауысымен жеңіске жетті. 26 қарашада Президентті ұлықтау рәсімі өтті.