Бұл ауданда қар қалыңдығы бір метрге жеткен
Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданына қарасты 7 елдімекенге су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтемк жасап.
Мамандардың айтуынша, бұл ауданда қардың қалыңдығы бір метрге жуықтаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сәйкес, 7 елдімекендегі 504 үйді және 1165 тұрғынды су алуы мүмкін.
«Алдын-алу шараларын жасап жатырмыз. 12 мың шаршы метр аумақтың қарын тасып, төктік. 200 тонна инертті материал және өзге да қажетті құрал-жабдықтар дайындалды», – деп мәлімдеді ТЖД.