$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2020, 23:25
Жаңалықтар

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 22 ақпанда жеті облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлері мен Петропавл қаласында тұман күтіледі.

Қостанай облысын да тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) болжанып отыр. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жарма аудынында екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен мен Семей қалаларында күндіз –  жабысқақ қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15м/с дейін барады.

Батыс Қазақстан облысының кей аймағы мен Орал қаласында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да күшейеді. Тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр.

Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде түнде найзағай күтіледі. Тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкентте түнде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 25 м/с барады.

Түркістанда да жел тұрады, жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.

Серіктес жаңалықтары