Валюта бағамы: 12 желтоқсанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 12 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни дүйсенбі күні доллар бағамы 472,14 теңге болды.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта 471,56 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,65 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 471 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 470 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 472,14 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 498,39 (еуро)
RUB / KZT – 7,65 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,33 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 67,93 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,56 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,2 (өзбек сомы).