БҚО-да волонтерлер күні атап өтілді
Жыл сайын бұл мереке 5 желтоқсанда атап өтіледі
Островский атындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында Халықаралық волонтерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жыл сайын бұл мереке 5 желтоқсанда атап өтіледі. Сондай-ақ биыл Қызыл Жарты Ай қайырымдылық ұйымы 85 жылдық мерейтойын атап өтеді.
«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың азаматтардың мұқтаждықтарына уақытылы ден қоюға, әл-ауқатын жақсартуға, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзара іс-қимылдың жаңа форматын жүргізу туралы тапсырмасын орындау аясында Қызыл Жарты Ай ұйымы елеулі үлес қосады. 85 жыл бойы Қазақстан халқының мейірімділік дәстүрлері мен әлемнің гуманитарлық қағидаттарын қамтитын бірегей ұйым бүкіл елдегі адамдарға көмек көрсетіп келеді», - деді БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Галан Ғалиев.
Ұйым қоғамдық денсаулық сақтауға дейін, ерікті түрде өтеусіз қан тапсыру мәдениетін дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және т.б. бағдарламаларды іске асырумен айналысады.
«Еріктілер күнін бүгінгі қоғамға күш пен уақытын аямай, өтеусіз көмектесетін кез келген адам өзінің мерекесі деп санай алады. "Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі 85 жылдан бері әлемдегі ең ірі және ең құрметті гуманитарлық қоғамдастық – "Қызыл Крест" халықаралық қозғалысының бөлігі болып саналады. Еріктілер – түрлі жастағы адамдар, бірақ оларды біріктіретін бір нәрсе - көмекке мұқтаж адамдардың жанында болу. Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы 192 елде ұсынылған және бүкіл әлем бойынша 100 миллион мүше мен еріктілерді біріктіреді. Біздің миссиямыз – адамдардың қайғы-қасіретін ескерту, жеңілдету және ұлттық, нәсілдік, жыныстық белгілері, діни, саяси нанымдары, тілі, таптық бойынша кемсітудің алдын алу», - деп атап өтті "Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы" БҚОФ директоры Светлана Тенишева.