Жиында азаматтардың кез келген істе белсенді болу мәселесі қозғалды
БҚО-да «Ашық қоғам. Тұрақтылық. Нәтиже.» форумында азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту және азаматтардың саяси мәдениетін арттыру туралы мәселе талқыланды.
Форум жұмысына БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Галан Ғалиев, Азаматтық бастамалар орталығының басшысы, "КАМЕДА" ҚҚ директоры Махаббат Еспенова, "Азаматтық бақылау" коалициясының үйлестірушісі, "ИНМИР" ҚҚ директоры Светлана Ушакова, "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары Айгүл Туркина, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Batys Analitics» ҚҚ төрағасы Хайдар Қапанов және т.б. қатысты.
Х.Қапановтың айтуынша, жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамсыз құру мүмкін емес. Өз сөзінде өңірдің ерекшелігі халықтың неғұрлым белсенді азаматтық ұстанымында жатқанын айтты. Оған халықтың сайлауға белсенді қатысуын мысал ретінде айтты.
С. Ушакова өз баяндамасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың ара-жігін ажырату қажеттілігі пісіп жетілгенін атап өтті. Қиындықтарға уақытылы жауап беру және шешім қабылдау өте маңызды. Даму тұжырымдамалары, әр түрлі бағдарламалар - мұның бәрі халықтың белсенділігі болмаса нәтиже бермейді. Жұрттың қажеттіліктеріне уақытында жауап беру үшін бұл мәселені үнемі зерттеп, зерделеу қажет. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары ең алдымен халыққа есеп беруі керек. Жұрт өз пікірі шешім қабылдауға әсер еткенін көргенде алдағы уақытта да белсенді болуға ынталандырады.
Осыдан кейін жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша ауылдық округ әкімдері пікір білдірді. Атап айтқанда, Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметов президенттік сайлаудың ел өміріндегі тарихи маңыздылығын атап өтті. Дерқұл кентінің әкімі Ж. Жұмағалиев жергілікті өзін-өзі басқару аясында ауылдағы саябақтың мәселесі қалай шешілгенін айтты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Берген де өз ойын ортаға салды.
Іс-шара соңында БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Ғалиев форумның белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырудағы және тәжірибе алмасудағы маңыздылығын атап өтті. Азаматтардың саяси белсенділігі осындай диалог алаңдарында дамиды, онда өз ойларын нақты және анық білдіру, объективті ақпаратқа сүйене отырып, тек негізді сын айту өте маңызды.