$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақпарат вице-министрі жұмыс сапарымен БҚО-да болды

Жиында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізу туралы ұсыныстар айтылды

Ақпарат вице-министрі жұмыс сапарымен БҚО-да болды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев іс-сапармен Батыс Қазақстан облысына келіп, Бәйтерек ауданының жұртшылығымен кездесті. 

Жиында Жастар ресурстық орталығы мамандарының жалақысын көтеру, олардың қызметін «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жұмысын қолдау, теолог мамандардың мәртебесін көтеру жайы да қозғалды. Көпбалалы аналар отбасылық институтын нығайтуға қандай жағдай жасалып жатқанын сұрап білді.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атқаратын негізгі бағыттарының бірі – азаматтық қоғам институттарын дамыту. Бүгінгі таңда өңірде 642 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары - 551. Жалпы, өңірде 156 жоба іске асырылуда. 

«Өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының мүмкіндігін пайдалана отырып, олармен мақсатты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Мысалы үкіметтік емес ұйымдарын гранттық қаржыландыру процестерін цифрландыру және автоматтандыру қолға алынды. Бұл ауылдық жерлердегі ұйымдардың тұрғылықты жерінен тікелей интернет арқылы гранттық қаржыландыруға қатысуына қолайлы, әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына мүмкіндік бермейді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар жергілікті қоғамдық кеңестер құрамын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен биыл жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша республикада азаматтық сектор өкілдерінің үлесі 23,5%-ға, яғни 62,5%-дан 86%-ға дейін өсті.

Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында министрліктің алдына салалық заңнаманы жетілдіру міндеті қойылды. Тапсырма аясында БАҚ саласындағы жаңа заманауи жүйені құру мақсатында министрлік заң жобасын әзірлеу жұмысын бастап кеткен.

«Тұрғындармен кездесіп, біздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атқарып жатқан жұмыс бойынша есеп беріп шықтым. Жастардан сұрақ көп түсті. Соның ішінде жастардың әлеуметтік жағдайы туралы айтылды. Біз бірге келген әріптестерімізбен, жергілікті басқарма басшыларымен сауалдардың бәріне толыққанды жауап бердік деген ойдамыз», - деді С.Егізбаев.

Соңында ол жеке қабылдау ұйымдастырып, қойылған сауалдарға жауап берді.

Серіктес жаңалықтары