БҚО-да шәкірттер арасында «Үздік пікірсайысшы-2022» турнирі өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Шәкірттерге сертификаттар табыс етілді

Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бойынша мектеп оқушыларының зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқушылар арасында дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау мақсатында облыстық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сайыс облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-кешенінде өтті. Облыстық бәсекеге аудандық, қалалық турнирлерде жеңіске жеткен 2 қатысушыдан тұратын қазақ тілді 2 команда және 2 қатысушыдан тұратын орыс тілді 2 команда (барлығы 4 оқушы), барлығы 17 фракция (54 оқушы) қатысты. Пікірсайыс бағдарламасы бойынша І, ІІ, ІІІ іріктеу кезеңдерінен өткен қатысушылар ширек финалға, жартылай финалға, одан әрі финалға шығып, жеңімпазы анықталды. 

Сайыс нәтижесі төмендегідей:

Қазақ лигасы бойынша: 

І орын – Орал қаласы, 125 high school «Joy division» фракциясы, Эльнара Минутова, Нұрдәулет Кәрім;

ІІ орын – Бөрлі ауданы, Ақсай қ. №7 және №3 ЖОББМ «Killer Queen» фракциясы, Нұрсұлтан Айсағали, Жансұлу Уәлиханова;

ІІІ орын – Теректі ауданы, Покатиловка ЖОББМ «Әділет» фракциясы, Аңсар Оңғарбай, Аружан Ермұқанова;

«Үздік оратор» номинациясы – Жәнібек ауданы, №1 мектеп-лицейінің оқушысы Болат Бекжан;

«Үздік спикер» номинациясы – Сырым ауданы, Сырым мектеп-лицейінің оқушысы Аяулым Сырымбетова;

«Үздік дебаттық креатив» - Байтерек ауданы, Абай МГИ «Алаш» фракциясы, Сабина Саматова, Расул Миржан.

Орыс лигасы бойынша:

І орын - Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің «Олимп» фракциясы, Димаш Муханжан, Чингис Карин;

ІІ орын – Бөкей Ордасы ауданы, М.Маметова атындағы ЖОББМ-нің «Свобода» фракциясы, Дәурен Жексен, Орынбек Ғұмаров; 

ІІІ орын – Теректі ауданы, Балалар шығармашылық үйінің «Кейсов нет, но вы держитесь» фракциясы, Татьяна Павловская, Алан Мархабат;

«Үздік оратор» номинациясы – Тасқала ауданы, С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ оқушысы Диана Дәулетова;

«Үздік спикер» номинациясы – Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің оқушысы Димаш Мұханжан;

«Үздік дебаттық креатив» - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының оқушылары Оңғар Әділ, Әлихан Бағдашев.

Пікірталас турниріне қатысқан қалған шәкірттерге сертификаттар табысталды.

Тегтер: