09.12.2022, 23:29
Жаңалықтар
Ақтөбеде 13 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды
Ол оқушыны қағып кеткен соң оқиға орынан ізін суытқан
Ақтөбеде 13 жасар баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қараша күні жол талғамайтын көлік жүргізушісі Бейбітшілік даңғылымен жүріп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі балаға көмек көрсетпей, оқиға орнынан кетіп қалған.
«Автокөліктің сырты лас болуына байланысты көлік нөмірін анықтау қиынға соқты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 9 желтоқсан күні 31 жастағы автокөлік жүргізушісі анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды