09.12.2022, 04:16
Жаңалықтар
Елордада мектептен бейнебақылау камераларын ұрлаған жігіт ұсталды
Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр
фото: sputnik.kz
Астана қаласы «Есіл» ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тергеу барысында күдіктінің Мәңгілік ел даңғылының бойындағы мектептердің біріне бейнебақылау камераларын орнатып жүргені анықталды. Содан ол жұмыс жасап жүріп, қоймадан 39 дана «Hikvision» маркалы бейнебақылау камераларын ұрлап кеткен.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жас жігіт кінәсін мойындады. Ұрланған заттар тәркіленіп, қайтарылды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды