Тоқаев өңірлердегі сот төрағаларын тағайындады
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төраға қызметіне тағайындалғандар:
- Қостанай облыстық сотына Салий Вячеслав Васильевич;
- Ұлытау облысының сотына Адранов Қайрат Төлепбергенұлы Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
- Абай облысытық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Жаманбаев Бақытберген Мейірханұлы Павлодар облысы Павлодар қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
- Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Қайырбаева Лаура Еркінқызы;
- Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Есенжолов Нұролла Ерғалиұлы Павлодар облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
- Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Шошықбаев Бақытжан Қуанышбайұлын Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
- Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Әбділдин Ерлан Әукенұлы;
- Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Құлбеков Арман Шәріпұлы;
- Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Шортанбаев Жанболат Бектұрсынұлын Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
- Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Шағатаев Қайрат Күнесбекұлын Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
- Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шайкамалов Қанат Жандарбекұлы;
Абай облысы бойынша:
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Хасенбаев Нияз Зиядабекұлы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Сыздықов Қанат Сайлаубайұлы осы облыстың Семей қаласы сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Семей қаласының мамандандырылған тергеу сотына Ахметова Анар Темірғазықызы;
Үржар ауданының № 2 аудандық сотына Иманмәдиев Берік Айтмұхамбетұлы сол облыстың Үржар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Жетісу облысы бойынша:
Алакөл ауданының №2 аудандық сотына Құрманғалиев Ринат Ұзақұлы Павлодар облысы Ақсу қалалаық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Ермаханов Бақыт Аманбайұлы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Ұлытау облысы бойынша:
Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотына Исабаева Жанна Ермекқызы осы облыстың Жезқазған қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.