$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұздағы барлық әлеуметтік нысан жылуға қосылды

Жедел штаб ғимараттарда жылу температурасы біртіндеп көтеріле бастағанын мәлімдеді

Екібастұздағы барлық әлеуметтік нысан жылуға қосылды
Фото: t.me/KZgovernment

Екібастұз қаласындағы апаттан зардап шеккен үйлердің барлығына кіреберісіне жылу берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy жедел штабқа сілтеме жасап.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша қаладағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 және Сәтбаев көшесі, 8 мекенжайындағы 11 кіреберісте сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәулік бойы жалғасып жатыр.

Апат салдарынан зардап шеккен барлық үйдің кіреберістеріне жылу берілді. Әкімдіктің call-орталығына және «Екібастұзтеплоэнерго» абоненттік қызметіне тұрғындардың жылу жүйесінің, оның ішінде жеке сектордың жұмысындағы ақауларға байланысты көптеген өтініш келіп түсуде.

«Барлық өтінімдер қабылданады. Соған сәйкес ақауларды жою бағытында жұмыстар қолға алынады. Барлық әлеуметтік нысандар жылу беру жүйесіне толығымен қосылды. Мектептер мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарында жылу температурасы көтеріле бастады», - деп хабарлады жедел штабтан.

Серіктес жаңалықтары