Қазақстандықтар ақылы жолдар үшін 5 миллиард теңге қарыз
Ақылы жолмен жиі жүретін жүргізушілерге 15 желтоқсаннан бастап абонентік төлем енгізіледі
Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 миллиард теңгеден асты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, бұл - бір жылда жиналған берешек. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақылы жолға қарыздың тең жартысы Қызылорда облысының тұрғындарына тиесілі. Көлік жүргізушілері автомобиль жолдары комитетіне жүгініп, жеңілдік жасауды сұраған.
«Көбінесе қызылордалықтар, жүк көліктері. Ақылы учаскілер бойынша 5 млрд қарыз жиналып тұр», - деді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Азат Қаракөз.
Сол 5 млрд өтеу үшін қазіргі халықпен медиативтік келісім бойынша келісімшартқа отырып жатыр Қазавтожол Ұлттық компаниясымен. Сондай жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Ақылы жолмен жиі жүретін жүргізушілерге 15 желтоқсаннан бастап абонентік төлем енгізіледі. Яғни айға, жылға арналған төлемдер болады.
Жалпы ел бойынша 11 ақылы учаске бар. Жыл басынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда-Шымкент, Тараз-Қайнар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы арасында қатынайтын жүргізушілердің едәуір қарызы бар.
Біз Астана - Щучинск тас жолында көліктер ағыны көп. Күніне мұнда 3000-4000 көлік өтеді екен.
Ұзындығы 211 шақырымдық жол арқылы діттеген жеріне жететін жүргізушілердің қарызы 53 миллионнан асады. Жұмыс бабымен Нұржан Тілеубаев бұл жолмен апта сайын өтеді. Ақылы жолға қатысты айтар уәжі бар.
«Енді ақылы болса, жолдың бәрін жасау керек шығар. Өйткені жолдың өзінде тесіктер бар. Ақкөлден бері қарай келе жатқанда. Бозайғырдан бері қарай шыққанда да бар екен тесіктері», - дейді көлік жүргізушісі Нұржан Тілеубаев.
Басқа да жүргізушілер жолдың сапасы мен төлем жүйесіне көңілі толмайтынын айтты.
- 870 теңге төледім кеше. Ал бүгін арзан 620 теңге көрсетіп тұр. Сонда не күнде әртүрлі бола ма не?
- Менің номерімді көрмей тұр. Камера қою керек ақша алғаннан кейін.
- Жаман. Тазаламайды. Дәретханалары істемейді.
- 1780-ге шықты ғой Бозайғырға барып келгенге. Әрине қымбат.
Қымбат демекші жауапты мекеме жол құны өспейді деп сендірді. Керісінше, жеңілдіктер қарастырылатынын алға тартты.
«Бүгінгі күнде 3,4,5,6,7 санаттағы яғни ең ауыр жүк көліктері олардың барлықтарына бізде абоненттік төлем алынатын болады. Жолдардан түскен қаржы бірінші сол жолдарды күтіп ұстауға», - деді «Қазавтожол» ҰҚ Ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Сәкен Әділбек.