Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, аяз болады
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек еліміздің шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман, оңтүстікте көктайғақ болуы ықтимал.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 29-31 градус аяз, күндіз 20-22 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жылдамдығы 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз болады.