Синоптиктер алдағы күндері күн қайта суытатынын айтты
«Қазгидромет» РМК 21-23 ақпан күндеріндегі ауа райына болжам жасады. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері күн қайта суытады, бірақ ол ұзаққа созылмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің» ақпаратынша, Қазақстанның бірнеше облысына қар мен боран, қатты жел әкелген циклон Батыс Сібірге қарай ығысты. Оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып келеді.
«Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Бірақ ол ұзаққа бармайды. Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін атлантикалық циклон қалыптасуда», - делінген синоптиктердің хабарламасында.