Бұдан былай атаулы көмек өмірлік қиын жағдайдан шығаратын атаулы шара ретінде қарастырылады – Еңбекмин

Автор: Әсел Оршыбекова

Әлеуметтік кодекстің жаңа пакетін әзірленді

Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодекстің жаңа пакетін әзірледі. Құжатты дайындау барысында Еуропа Одағының Әлеуметтік кодексі негізге алынды. Кодекстің құрылымы 5 бөлім, 19 тарау және 267 баптан тұрады. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, ұсынылған жаңа тәсілдер ең алдымен икемді жұмыспен қамтудың жаңа формаларының пайда болуына және оларды реттейтін заңнамалық базаның әлі қалыптаса қоймауына, жұмыс орындарының тиісті саны мен сапасын талап ететін жас жұмыс күші ағынының айтарлықтай артуына, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне әлі де болса толық қатыспай отырғанына байланысты болып отыр.

Кодекстің маңызды бөлігі бұл – Отбасының цифрлық картасы дерекқоры. Аталған жүйенің бірінші сатысында еліміздің барлық 19,4 млн тұрғыны қамтылған 6,3 млн отбасыдан тұратын матрицасы жасап шығарылып, олар 5 санатқа бөлінді.

Бүкілдүниежүзілік ұлттар ұйымның даму бағдарламасы (ПРООН) ұсынған Алкире-Фостер моделін пайдалана отырып, әрбір отбасының әл-ауқат дәрежесін анықтадық және оларды 5 санатқа бөлдік.

«Кодек жобасында атаулы көмектің мәнін өзгерттік. Енді атаулы көмек, қандай да бір қызметті алатын тек нақты адам емес, отбасыны немесе азаматты  қиын өмірлік жағдайдан шығара алатын атаулы шара ретінде қарастырылатын болады. Сонымен қатар, қолданыстағы әлеуметтік контракттың жаңа мазмұнында, яғни тараптардың жауапкершілігін арттыру  қаралып отыр. Мысалы мемлекет нақты бір отбасының әл-ауқат дәрежесіне қарап атаулы шара көрсетуге міндетті болса, оны алушы отбасы бұл шараларды өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін орындауға міндетті», - деді Дүйсенова.

Бұл - Әлеуметтік кодекстің бірінші новелласы.