Абай облысында астыртын цехтан 2,5 млн теңгенің алкогольді өнімі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Контрафактілік тауар көлемі 1,5 литрден асады

Абай облысында 1,5 мың литрден астам контрафактілік алкоголь өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған. Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады», - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.

Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.

Аталған дерек Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді.