Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қала тұрғынын қорқытып, көлігін тартып алғанда қолға түсті

Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаумен айналысқан топты ұстады. Олар қарашаның басында Ақтөбе тұрғынынан ВАЗ-21070 автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп, иемденген.

«Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары. Күдіктілердің бірі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ақтөбе қаласы ПБ  УҰИ-ға қамауға алынды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.