$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда көмір елеулі маңызды тауарлар тізіміне енгізілмек

Еліміз көмір экспортына тыйым салуы немесе шектеу қоюы мүмкін

Қазақстанда көмір елеулі маңызды тауарлар тізіміне енгізілмек
Фото: Almaty.tv

Сауда және интеграция министрлігі көмірді ең елеулі маңызды тауарлар қатарына қосуды ұсынып отыр. Тиісті жоба Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атамекен» сараптамалық қызметінің дерегінше, егер көмір ресми түрде аталған тізімге енсе, Қазақстан оның экспортына тыйым салуы немесе шектеу қоюы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына сәйкес, маңызды тауарлар тізіміне енгізілген тауарлардың ішкі нарықтағы айрықша тапшылығын болдырмау немесе азайту мақсатында белгілі бір тауарлар экспортына тыйым салу мен сандық тұрғыдан шектеулер енгізілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, биылғы тоғыз айда Қазақстан 25 миллион тонна тас көмір экспорттаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға жоғары, көрсеткіш. Ал экспорт ақшалай түрде 2,3 есе ұлғайған. Осылайша, тас көмірдің орташа бағасы тоғыз ай ішінде орташа есеппен әр тоннасына 30 доллар болған, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есеге жуық жоғары (тоннасына 16 доллар) көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары