Келер жылы әлемнің 70-ке жуық елінде 230 млн адам қолдауға мұқтаж болады
БҰҰ әлемдегі мұқтаж жандарға көмек ретінде рекордтық 51,5 миллиард доллар бөлуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі Еуроньюс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы жылы әлемнің 70-ке жуық елінде 230 миллион адам қолдауға мұқтаж болады. Бұл туралы жыл сайынғы «БҰҰ-ның жаһандық гуманитарлық шолуы» хабарлады.
«Қажеттіліктер күрт өсуде, өйткені біз Украинадағы соғыспен, коронавирустық пандемия, климаттың өзгеруі мәселелерімен айналысамыз. Мен 2023 жылы жағымсыз тенденциялар күшейнді деп қорқамын. Десе де, келесі жыл ынтымақтастық жылы болады деп үміттенеміз», - деді БҰҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс.
Оның айтуынша, қақтығыстар, әсіресе, Украинадағы соғыс қатты әсер еткенін, Ресей шапқыншылығы Украинаның өзінде де, одан тыс жерлерде де миллиондаған адамдардың қоныс аударуына әкелгенін айтады.
«Украинада 13 миллион 600 мың адам көмек алды. Қыс жақындаған сайын жағдай оңай болмайды. Бұл ел үшін келесі жылға ұсынылған қаражат тізімдегі ең үлкен бюджет болуы мүмкін, бұл жалпы сомасы 5,7 миллиард долларды құрайды», - деді Мартин Гриффитс.
Украинадағы соғыс дамушы елдерде азық-түлік тапшылығын күшейтті. БҰҰ сарапшылары әлем қазіргі тарихтағы ең үлкен жаһандық азық-түлік дағдарысына тап болғанын айтты.