Бурятия Донбасқа бақсыларын жібереді
Жауынгерлік іс-қимыл аймағына жақын жерде бақсылар тұратын киіз үй орнату жоспарланып отыр

Бурятиядан майданға киіз үйлері бар бақсылар жіберіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сібір басылымына сілтеме жасап.
Мұндай «көмекті» Донецк облысының Старобешев ауданында орналасқан әскерилер алады. Майданға үш киіз үй жеткізу жоспарланған.
Бурят киіз үйлерінде ресейлік басқыншылар бақсылар рәсімінен өтіп, демалуға болады деп болжанып отыр.
Әдет-ғұрыптардан басқа, бақсылар киіз үйлерде жараланған ресейліктерге көмек көрсете алады. Мұндай «пунктерді» іс-қимылдарын жүргізу аймағына тікелей жақын жерде орнатуды жоспарлап отыр.
«Неліктен киіз үй? Бұл - ыңғайлы. Оны әрқашан тез ашуға немесе бүктеуге және тасымалдауға болады. Онда шамандық рәсімдер жасауға болады. Тек бақсылар жанды қайтара алады. Бақсылардың адамды тез қалпына келтіру мүмкіндігі бар», - деді Ғұн қорының басшысы Олег Булутов.
Еске салайық, Рим Папасы буряттар мен шешендерді ең қатыгез сарбаздар деп атаған.