Өскемен қаласында аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды

Azattyq Rýhy

Дәл қазір Өскеменде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп тұр

Өскемен қаласында аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, дәл қазір Өскеменде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп тұр. Соған орай қалалық Білім бөлімі таңертең оқушылардың қашықтан оқитындығын хабарлады.

«Қала бойынша бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Екінші ауысымның қалай оқитыны сағат 11.00-ге қарай хабарланады», - делінген ақпаратта.

Дүйсенбі мен сейсенбі күні Өскемендегі 1-11 сынып оқушылары онлайн форматта білім алған болатын.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 30 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 40 градусқа дейін аяз сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.