Қазақстанда қанша ресейлік жүр – министр еліміздегі шетелдіктердің нақты санын айтты

Azattyq Rýhy

Ресейде мобилизация аяқталған соң 320 мың адам елімізден шығып кеткен

Қазақстанда қанша ресейлік жүр – министр еліміздегі шетелдіктердің нақты санын айтты
Фото: fakty.com.ua

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы бері Қазақстанға ағылған ресейліктердің жүз мыңға жуыңы әлі елімізде жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«21 қыркүйектен бері Қазақстанға 400 мыңнан сәл астам ресейлік келді, 320 мыңнан астамы кетті. 100 мыңдай ресейлік әлі де елімізде жүр. Еңбек мигранттары туралы айтатын болсақ, өткен жылдарды қоса есептегенде, бүгінде Қазақстанда 22 мың адам жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлеп жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Ол сондай-ақ бүгінде Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс көп екенін айтты. Олардың арасында инженерлер, дәрігерлер және IT мамандары бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.