$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президенттің Мәскеуге сапарында «үштік газ одағы» мәселесі талқыланды – Руслан Желдібай

 Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы оның Мәскеуге жасаған сапарына қатысты пікір білдірді

Президенттің Мәскеуге сапарында «үштік газ одағы» мәселесі талқыланды – Руслан Желдібай
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарынан түсіп жатқан сұрақтардың кейбірі Президенттің Мәскеуге сапары жайында болған.    

«Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн», - деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары