Қазақстанда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 987 науқас емделіп жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 85 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

29 қарашадағы мәлімет бойынша, 987 адам коронавирус инфекциясынан (–847+ және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.