Еріктілер штабының жұмысы бойынша жедел желі телефондары көрсетілген
Екібастұзда «AMANAT» партиясы жанынан халыққа көмек көрсету жөніндегі еріктілер штабы құрылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Ким және «Ұлттық еріктілер желісінің» төрағасы ретінде штаб жұмысына қосылды. Бұл туралы ол Facebook-тегі өзінің парақшасына жазды.
«Екібастұзда Павлодар көшесі, 10 үйде «AMANAT» партиясы жанынан халыққа көмек көрсету жөніндегі еріктілер штабы құрылды. Еріктілер үйді аралап, мұқтаждар мен көмектесуге дайын адамдар туралы ақпарат жинайды. Кешеден бастап партия көпбейінді аурухана мен емханаларға жылытқыштар түрінде көмек көрсетуде. Партиялықтар мен ЖБДО (Жастар бастамаларын дамыту орталығы) авариялық қызметтерге көмек көрсетеді.
Еріктілер штабының жұмысы бойынша жедел желі телефондары: +77054057128, +77779965010.
Сондай-ақ барлық ниет білдірушілер партияның филиалдары арқылы көмек көрсете алады (тел.+701 705 00 65)», - деп жазды депутат әлеуметтік желіде.