$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ашық және аязды ауа райы болады

Еліміз бойынша жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ашық және аязды ауа райы болады
Фото: Russian Look

Синоптиктер 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан ашық және аязды ауа райы болуы мүмкін. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында, түнде Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында 30 м/с және одан да жоғары жел күшейеді.

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Күндіз -16-18, түнде -27-29 грдаус аяз боулы мүмкін.

Алматыда да бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метрге жетеді. Күндіз -2-4, түнде -11-13 градус суық болуы мүмкін.

Шымкентте жаңбыр жауады, жел 8-13, түнде екпіні 15-20, кейде секундына 25 метрге жетеді. Күндіз +10+12, түнде -1+1 градус болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары