$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жазушы Мархабат Байғұт дүниеден өтті

Қаламгермен қоштасу бүгін Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында болады

Жазушы Мархабат Байғұт дүниеден өтті
Фото ашық дереккөзден

Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт дүниеден өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға! Қазақтың аяулы жазушысы Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу ертең, 27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді. Жаназа намазы сағат 15:00-де Байғұт Баба мешітінде оқылады. Түлкібас ауданы Түркібасы әулие етегіндегі Азаттық ауылының мазарына қойылады», - деп жазды Шыңғыс Мұқан Facebook-тегі парақшасында.

Жазушының қайтыс болуына байланысты Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Көркем сөз бен көсемсөздің шебері, мақамы бөлек Мархабат көкем келместің кемесіне мініп, кете барыпты… Шер-ағаңызға неге асықтыңыз, аға? Көктемде ғана өзіңіз шақырып, кешкі алаудың жанында әсерлі, әдемі әңгіме айтқан Таупістелі мен Көкбұлақ, Бозторғай асуы мен Әулиебастау сізді сағынады. Бақұл болыңыз…», - деп жазды министр.

Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жазушының «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, қаламгер В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын қазақ тіліне аударған.

Серіктес жаңалықтары