$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұмыстағы харассмент: сарапшылар заң жобасына өзгеріс енгізуді ұсынды

Жұмыстағы зомбылық- тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жаңа бағыт 

Жұмыстағы харассмент: сарапшылар заң жобасына өзгеріс енгізуді ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Астана қаласы Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова атағандай, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық туралы айтуға әйелдер батылдық таныта бермейді. 

“Себебі, ол жұмыс берушімен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Оны жария еткісі келмей жатады. Сол шағын кәсіпорын немесе мекемеде ішкі тәртіп арқылы шешкісі келеді. Бірақ бізге анонимдік түрде хабарласқан қыз балалармен жұмыс істейміз. Оларға құқықтық көмек беруге тырысамыз”- деді ол. 

Аға инспектордың айтуынша, жұмыстағы зорлық-зомбылық бойынша қоңыраулар “102” каналына емес, сенім телефондарына келеді. 

“Көбіне оны анонимді түрде шешуге тырысады. Себебі, жәбірленуші жұмыс берушіге тәуелді болады. Біз құқықтық көмек көрсетеміз. Әрі қарай азаматтық тұрғыдан шегуге тырысып жатамыз”, - деді Гүлмира Шрахметов. 

Серіктес жаңалықтары