Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция басталды

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл акция дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция өтеді, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін халықаралық кампания басталды. Оның ішінде жұмыстағы харассмент бағыты да бар.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және гендерлік теңдік коалициясының төрайымы Меруерт Казбекова заң жобасына өзгеріс қажет екенін айтады.

“Харассмент - күрделі мәселе. Оны сөзбен емес, іспен шешу керек. Оған заң жобасына өзгерістер енгізу жатады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, бір адамның бостандығы екінші адамның бостандығы басталған жерде аяқталады. Біздің коалиция еңбек саласындағы әйелдердің құқығын заң бойынша қорғайтын бастамалар енгізуді қолдайды”, - деді Қазбекова.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыру бойынша тапсырма берген еді.