$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Нан орнына ұйықтататын дәрі береді»: Ауғанстан тұрғындары балалары мен дене мүшелерін сата бастады

Талибандықтар билікке келгелі елде миллиондаған адамға аштық қаупі төне бастады

«Нан орнына ұйықтататын дәрі береді»: Ауғанстан тұрғындары балалары мен дене мүшелерін сата бастады

Ауғанстанда кей тұрғын балаларының аштық сезімін басу үшін ұйықтататын дәрі беруге мәжбүр, ал басқалары күнкөріс үшін қыздарын, болмаса дене мүшелерін сата бастады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Талибандықтар билікке келіп, шетелден ақша ағыны құрғаған елде миллиондаған адамға аштық қаупі төніп тұр.

«Балаларымыз тоқтамай жылайды және ұйықтай алмайды. Бізде оларға беретін тамақ жоқ», - дейді тұрғын Абдул Вахаб.

Олар дәріханаға барып ұйықтататын дәрі алуға мәжбүр.

Дәрігерлердің айтуынша, аталған дәрі-дәрмекті тамақтанбаған балаларға беру бауырды зақымдауы және басқа да көптеген проблема туғызуы мүмкін. Бұл ұйқы бұзылуынан мінез-құлықтың ауытқуына әкеледі.

Талибандықтар билікке келген кезде, олардың жаңа үкіметін ешкім мойындамады және Ауғанстанға шетелден қаражаттың түсуі тоқтады. Бұл экономикалық күйреуге әкеліп соқтырды, соның салдарынан көптеген ер адам жұмыссыз қалды.

Ауғанстандық Аммардың айтуынша (аты өзгертілген), ол үш ай бұрын бүйрегін сатқан екен. Ол 20 жаста.

«Менің басқа амалым болған жоқ. Жергілікті клиникада бүйректі сатуға болатынын естідім. Сонда барып, бүйрегімді сатқым келетінін айттым. Бірнеше аптадан кейін мені ауруханаға шақырды. Олар талдаулар жасап, кейін маған есімнен тандыратын дәрі екті. Қатты қорықтым, бірақ басқа жолы болмады», - дейді аштықтан қиналған жігіт.

Аммарға шамамен 270 мың ауған ақшасы (шамамен 3100 доллар) төленген. Ақшаның көп бөлігі отбасына тамақ алу үшін алған қарыздарын төлеуге кетіпті.

«Егер біз бүгін кешкі ас ішетін болсақ, ертең ішпейміз. Бүйректі сатқаннан денсаулығымда жағымсыз өзгерістер болып жатқанын байқадым. Егер осылай жалғаса берсе, өлетін сияқтымын», - деп мойындады жас жігіт.

Дене мүшелерін сату – Ауғанстан үшін жаңалық емес. Бұл Талибан билікке келгенге дейін де болды. Десе де, адамдар осындай ауыр таңдау жасаған соң да күн көре алмайтынын біледі.

Серіктес жаңалықтары