Украина Ресей зымырандарының шабуылынан соң толықтай электр қуатынсыз қалды

Сағыныш Ибрагим

 Бұл – Украина тарихындағы алғашқы блэкаут

Украина Ресей зымырандарының шабуылынан соң толықтай электр қуатынсыз қалды
AFP

Сәрсенбіде Украина ресейлік зымырандардың кезекті жаппай шабуылынан алғаш рет қара түнекке оранып, атом электр станцияларын қоса алғанда, электр желісінен толық айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Киевте және бірнеше аудандарда халықтың көпшілігі әлі де жарықсыз отыр.

«Укрэнерго» компаниясының бейсенбі күні берген мәлімдемесінде электр желісіндегі қуат тапшылығы 50%-ға дейін төмендегенін және барлық атом станциясы қосылып, біртіндеп қуаттанып жатқаны айтылды. Десе де, жүйені толық қалпына келтіру уақытын болжау әлі мүмкін болмай отыр.

Киев мэрі Виталий Кличко бейсенбі күні кешке елордада халықтың 60%-ы электр қуатынсыз қалатынын айтты.

Басқа облыстарда, жергілікті билік пен энергетиктердің берген есебіне сәйкес, әр жерде жағдай әртүрлі. Есеп бойынша бір жерде электр қуаты толығымен қалпына келтірілсе, енді бір жерде бүкіл аудан жарықсыз қалып жатыр.

Украинаның бүкіл энергетикалық жүйесінде зымыран шабуылынан кейін жиілік құлдырады, осыған байланысты ел бақылауындағы барлық үш атом электр станциясы автоматты түрде тоқтады. Олар: Оңтүстік Украина, Хмельницкая және Ровненская. Аталған электр станциялары елдің электр энергиясы өндірісінің жартысын құрайды.

«Бомбалаудың салдарынан энергетикалық жүйеміз құлдырағанын  түсіну керек. Жағдай өте күрделі», - деді Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко бейсенбі күні таңертең.

Глущенконың айтуынша, жақын арада энергетиктер елдің бүкіл жүйесін қайтадан біріктіріп, содан кейін маңызды инфрақұрылым нысандарына электр қуатын бере алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.