$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар үшін автокөлік несиесі қолжетімсіз болып кеткен

Бекітілген несиелердің үлесі 13,6%-дан 10,7%-ға дейін төмендеген

 

Қазақстандықтар үшін автокөлік несиесі қолжетімсіз болып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық банктер автонесие алуға түскен әр 10 өтініштің 9-ын қабылдамай тастайтын болған. Бұл туралы Data Hub Бірінші кредиттік бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бюроның Ұлттық банктің сауалнама деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, мақұлданған өтінімдер саны 20%-дан астам көрсеткішке қысқарған. 

«2022 жылдың 9 айында қазақстандықтар автонесие алуға 1 миллион 221,2 мың өтініш берген. Бұл 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейінен сәл аз (-1,7%). Мақұлданған өтініштер саны әлдеқайда – 22, 9%-ға азайып кеткен. Егер өткен жылдың 9 айында 168,9 мың өтініш мақұлданса, осы жылы 130,3 мың ғана өтініш мақұлданған», - деп жазады Data Hub.

Бекітілген несиелердің үлесі 13,6%-дан 10,7%-ға дейін төмендеген.

Бұған себеп автонесие шарттарының қатаңдауымен түсіндіріледі, яғни мөлшерлемелер көтеріліп, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар өскен.

«Бұған ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін көтеру және банк өнімдерінің скоринг үлгілерін қайта қарау әсер етті», - деп түсіндіреді бюро өкілдері.

Белгілі болғандай, автонесиеге қол жеткізгендер саны айтарлықтай азайып, өтініш берушілер іс жүзінде жоқ болып шыққан. Бұл бағаның өсуі аясындағы қалыптасқан жағдай: бір жылдағы өтінімдердің орташа мөлшері үштен бірінен астамға: 2021 жылдың III тоқсанында 3,08 миллионнан 2022 жылдың III тоқсанда 4,21 млн-ға дейін өскен.

Серіктес жаңалықтары