$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атыраулық медицина қызметкерлері еңбекақының толық төленбегеніне наразы

Шыдамы шегіне жеткен қызметкерлер құзырлы органдарға арыз жазған. Қазір жан-жақты тексеріс жүргізуде

Атыраулық медицина қызметкерлері еңбекақының толық төленбегеніне наразы
Фото: ашық дереккөзден

Атыраулық медицина қызметкерлері жалақының дұрыс есептелмегеніне наразы. №2 облыстық аурухананың медбикелері мен тазалықшылары жыл өткен сайын еңбекақы көбеюдің орнына, азайып жатыр деп отыр. Айтуларынша, жыл басынан бері зейнетақы, сақтандыру төлемдері де аударылмаған. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Салдарынан өзіміз дәрігер қабылдауына жазылып, емделе алмай отырмыз,- дейді ақ халаттылар. №2 аурухананың таңертеңгі ауысымнан шыққан медбикелер, лаборанттар мен тазалықшылар үйлеріне қайтуға асықпады. Маңдай термен тапқан жалақымызды адал төлесін деп талап етті. Айтуларынша, пандемияға дейін барлық төлемдерді қосқанда орта есеппен 180 мың теңге алған. Қазір айлықтары 130 мың теңгеге де жетпейді екен. Оның үстіне жалақыдан ұсталатын зейнетақы төлемі ай сайын аударылмаған.

«Біздің еңбекақымыз, жаңа жылдан бері қарайғы 20 пайыз, медсестраларға қосылатын 30 пайыз, соларымыз төленбей келеді осыған дейін. Октябрь айында еңбекақымыз біршама шулатқаннан кейін ретке келді деп ойлаймыз», - деді тазалықшы Бақыт Қошланова.

«4 адам жүретін жерге жалғыздан қояды. Немесе больной аз. Ақша жоқ больницада. Соны кішкене қарастырайық. Сосын қосамыз дейді, бірақ қоспайды», - дейді тазалықшы Қарлығаш Сақтағанова.

Лаборанттардың айтуынша, зияндылық үшін берілетін төлемақы көлемі де күлкілі. Ал медициналық сақтандыру төленбегендіктен, ақ халаттылардың өздері дәрігерге қарала алмаЙ жүр.

«Анализ саны артқан сайын за вредность тек қана 3-4 мың теңге төленеді. Негізінде 15 пайыз төлену керек. Облыстық аурухана болғандықтан бізге анализдер көп түседі. Сол себепті бізге небюджетный палата дифоплата , мереке сайын ешқандай премия жоқ», - дейді лаборант Құралай Бияшева.

 Шыдамы шегіне жеткен қызметкерлер құзырлы органдарға арыз жазған. Қазір жан-жақты тексеріс жүргізуде. Аурухана басшылығы болса, жалақыны дұрыс есептедік деп шыр-пыр. Ал зейнетақы төлемін не үшін аудармағанын айтты.

«Өйткені бізге түсетін ақшамыз жалақыға төлесек, пенсионкаға жетпей қалады. Өйткені тарифмыз төмен ғой. Соған байланысты осындай қиындықтар туып отыр», - дейді №2 Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Надя Ерғалиева.

Денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, бұл аурухана сот шешімімен өзге компанияға 90 млн теңге төлеуі тиіс болған. Қаржылық қиындық осыдан туындаған. Дегенмен зейнетақы және медициналық төлемге берешекті жыл соңына дейін толық жабамыз,- деп уәде берді. Ал жалақыны есептеуге ешбір кемшілік жоқ,- деді. Жауаптылардың бұл сөзіне қанағаттанбаған қызметкерлер прокуратура мен еңбек инспекциясы тексерісінің қорытындысын күтіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жалақы