$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кейбір адамдар қоғамда жағымсыз әсер тудырғысы келеді - Рафаэль Гасанов

Кейбір адамдар қоғамда  жағымсыз әсер тудырғысы келеді - Рафаэль Гасанов

Алматыда жүздеген қоғамдық  ұйымдар бар. Әрқайсысының бағыты әртүрлі. Бірақ барлығының міндеті өздерінің құжатта бекітілген бағыты бойынша мәселелерді көтеріп, қоғамның дұрыс дамуына, әр жұмыстың заңдылықты сақтай отырып орындалуына үлес қосу. Бұл жолы белсенділік танытқан қойғамдық ұйымның бірі «Қоғамдық пікір» қоғамдық қоры. Олар осы жолы  сайлауда бақылаушы болды. Бақылаушылар штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов саяси науқан кезінде қандай оқиғалардың болғанын мәлімдеді.  Ол 20 қараша, сайлау күні жергілікті байқаушылардың күні бойы сайлау учаскелерінде болғанын еске салды. Ол әлеуметтік желіде жарияланған жағымсыз жазбаларға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің бақылаушыларымыз дауыс санаған кезде де болды. Біздің есебіміз бойынша, Алматы бойынша сайлауға келгендер 28 пайызды көрсетті. Алдын ала қорытынды бойынша жеңіске қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті», - деп хабарлады Р.Гасанов.

Спикер бақылаушылардың 531 сайлау учаскесінде жұмыс атқарғанын айтты. Оның сөзінше қоғамда кейбір адамдар өз міндеттемелерін дұрыс түсінбейді немесе қасақана жағымсыз әрекеттерді тудыруға тырысады. 

«Кейбір бақылаушылардың жағымсыз жағдай тудырғысы келгені анық екенін айтып өткім келеді. Бақылаушылар сайлауда өздерінің негізгі міндеттерін ұмытып, оның орнына сайлау учаскелері төрағаларының жұмысына кедергі келтіріп, камераға түсіріп алу фактілері болды. Сондай жағдайда келіп, сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіретін заңгерлеріміздің болғаны жақсы болды. Біздің жұмысымыздың беделін түсіргісі келгендердің назарына айтарым: біздің барлығымыз ортақ жұмыспен айналыстық – біз байқаушыларды емес, сайлау процесін бақылағанымызды ұмытпаған жөн. Басқа қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласу кәсіпқойлыққа жатпайды деп ойлаймын. Олар бізді бақылауға келді ме деген ой қалды.  Біз халықаралық стандарттарды ұстанатынымызды еске салғым келеді», - деді қоғамдық қордың жетекшісі.

Қоғамдық бақылаушы өздерінің ЕҚЫҰ-ның ішкі мониторинг бойынша нұсқауларын және Еуропалық Хартияны ұстанатынын қосты. Ал олардың басты міндеті тек бақылау болды, бірақ ешбір жағдайда бақылаушылардың жұмысына кедергі келтірмеу болды.

«Біз халықаралық байқаушылардың есебін зерделейміз, одан кейін біздің есебіміз Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі», - деп түсіндірді Рафаэль Гасанов.

Сайлау барысынан алған әсерімен бөліскен тағы бір қоғам өкілі Андрей Андреев болды. Ол алматылық дауыс берушілер арасында балаларымен бірге келіп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтқандары да болғанын атап өтті.

«Көптеген жастардың, жүріп-тұрудың қиындағанына қарамастан, азаматтық борышын өтеген аға буын өкілдерінің  де келгені қуантты. Барлық сайлау учаскелері жеткілікті деңгейде дайындалды, бәрі түсінікті болды, адамдардың әдейі жанжал шығарғысы келген жағдайлардан басқа заң бұзушылықтар болмады», - деді А.Андреев.

Бақылаушыларға қарсы айтылған сынға келетін болсақ, сын айтқандардың ешқайсысы оларды есеп баяндамасына ресми түрде тіркеген жоқ. Олардың басым бөлігі сайлауға не үшін келгеніне көңіл аударып, сонымен қатар дұрыс емес әрекетке барған. Андреевтің айтуынша, бұл адамдардың мақсаты  сайлауды бақылауды емес, қиындықтар туғызу болды.

ХБК-тың корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Диана Малаеваның айтуынша, барлық бақылаушылар үлкен тәжірибе жинақтай отырып, өз құқықтарын пайдалана алды. Қазір Алматыда бұл салада дамитын жергілікті бақылаушылардың тұтас бір пулы бар.

Ал қоғамдық белсенді Мақсат Мамадияров та сөз сөйлеп, алматылық бақылаушыларға жұмыстарына жауапкершілікпен қарағандары үшін алғысын білдірді. Ол байқаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің сынына қатысты пікір білдірді.

«Көптеген арандатушы сұрақтар қойылды, тіпті үзіліс уақытында сыртқа шыққандарға қатысты сын айтқандар болды. Соған қарамастан, біз өз мақсатымызды орындадық», - деп хабарлады М.Мамадияров.

 «Қазақстан заңгерлер одағының» Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Әділ сайлау үшін» қалалық штабының жетекшісі Бауыржан Мақұлбаев жаңа заңнама бойынша президенттің тек бір рет қана жеті жылдық мерзімге сайланатынын еске салды. Спикер қайта сайлау құқығынсыз 7 жылдық президенттік мерзім-бұл посткеңестік кеңістіктегі абсолютті жаңалық екенін атап өтті.

«7 жылдық президенттік мерзім сайланған кандидатқа өз бағытын жүзеге асыруға толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді және президенттік билікті монополиясыздандыруға бағытталған конституциялық реформаның жалғасы болып табылады», - деді Б.Мақұлбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы саяси партияның басшысы бола алмайтын нормалар енгізіліп, оның туыстарына мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік компанияларда қызмет атқаруға тыйым салынды, президенттік өкілеттіктердің бір бөлігі басқа билік институттарының пайдасына қайта бөлінді. Б.Мақұлбаев ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде еліміздің заң қоғамдастығын шоғырландыру үшін «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында «Адал сайлау үшін» бірлестігі құрылғанын айтты.  «Әділ сайлау үшін» бірлестігінің құрамында тек адвокаттар ғана емес, нотариустар, адвокаттар да бар, 400-ге жуық түрлі мамандық иелері бар. Сайлау күні «Әділ сайлау үшін» штабына арыз-шағымдар түскен жоқ. Десе де, қоғам өкілдері барған сайлау учаскелерінде  ескертулер болды. Мысалы, дауыс беру кабиналарының біріне ерлі-зайыптылар бірге кірген, бұл жағдайға байланысты анықтау барысында жұбайы мүгедек болып шықты және заңға сәйкес, оған сенімді тұлғаның көмегі қажет болды.

Серіктес жаңалықтары