21.11.2022, 09:04
Жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус анықталды
Сондай-ақ 2 адам КВИ пневмониясына шалдыққан
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда өткен тәулікте 38 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 2 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
21 қарашадағы мәлімет бойынша, 801 адам коронавирус инфекциясынан (–627+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді