Мәулен Әшімбев Мемлекет басшысын жеңісімен құттықтады
Сенаты төрағасы Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбев әлеуметтік желіде Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жаңа ғана Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 82,45 пайыз («Ашық қоғам» институты) дауыс жинағаны белгілі болды. Бұл – бірліктің озық үлгісін көрсеткен барша отандасымыздың ортақ жеңісі! Осылайша халық өзгерістер мен реформаларды қолдап, тарихи таңдау жасады және Әділетті Қазақстан құру үшін дауыс берді. Енді алдымызда қуатты және демократиялы Қазақстан құру жолындағы маңызды міндеттер тұр. Соның бәрін табысты іске асыру үшін әрі қарай да Президентіміздің маңына топтасу аса маңызды. Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлын және әділеттілік үшін дауыс берген Мемлекет басшысының барша жақтастарын бүгінгі айқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын!», - делінген жазбада.