Құтқарушы Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қаржылай көмек көрсетілді

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Құтқарушы Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қаржылай көмек көрсетілді

Астана қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, елордада көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен бірнеше адамды құтқарып қалған Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қаржылай көмек көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Забикулиннің жұбайына үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Жаңа баспана Есіл ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтер Асқардың отбасына жекеменшікке, әрленген күйде әрі жиһазымен бірге беріледі. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Ал құтқарушы Аян Кемпіровтің отбасына көмек ретінде ипотекасы жабылды. Оның сомасы 24 миллион теңгені құрайды.

Сол сияқты Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына тиесілі 6 миллион теңгенің несиесі өтелді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.