Шетелде ел намысын қорғап жатқан спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді

Azattyq Rýhy

Қазақстан Ұлттық құрама командалары әлемнің әр түкпірінде жүрсе де, сайлаудан тыс қалған жоқ

Шетелде ел намысын қорғап жатқан спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Әлемнің әр түкпірінде жүрсе де, түрлі спорттан ел намысын қорғап жатқан қазақстандық Ұлттық құрама командалардың мүшелері бүгінгі ҚР президенттігіне сайлаудан тыс қалмай, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы Абу-Дабиде дауыс берген.

Сондай-ақ конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландта дауыс берді. Ал жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Анталияда дауыс берді.

«Мажарстандағы 2022-2023 сезонына Еуропа әйелдер хоккей лигасына қатысуға келген алматылық «Айсұлу» клубы Будапешт қаласындағы №243 сайлау учаскесінде дауыс берді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.

Республика бойынша барлығы 10 101 сайлау учаскесі бар. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 53 шет мемлекетте 68 учаскелік комиссия құрылды.  

Сайлау құқығына ие азаматтардың тізіміне барлығы 11 950 485 адам енгізілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.