Алакөл ауданында жас жұбайлар дауыс берді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Үшарал тұрғындары Несіпбек Асхат пен Дәуренқызы Әсем бүгін отау тікті

Жетісу облысында той көйлекпен сайлауға барған жас жұбайлар дауыс берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Алакөл ауданының орталығы Үшаралда жас жұбайлар тойды сайлау учаскесіне барудан бастады. Несіпбек әулетінде шаңырақ көтерген жастардың тойы елдегі саяси науқанмен қатар келген. Үшарал қаласының тұрғындары Несіпбек Асхат пен Дәуренқызы Әсем бүгін отау тікті.

Бүгін жас жұбайлар өміріндегі маңызды күн болса да, олар республикалық саяси науқанға көңіл бөлгенді жөн көрген. Тарихи сәтте қол ұстасқан жастар №48 сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет той алдында дауыс берді.

«20 қарашада өтетін сайлау өтетінін бәріміз білдік. Осыған орай, той алдында сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымызды береміз деп шештік. Бұл күні әр азамат еліміздің болашағын ескеріп, өз дауысын беруі қажет. Біз де азаматтық жауапкершілігімізді білдіргенді дұрыс көрдік. Бұл бір жағынан, өміріміздегі қызықты сәттердің бірі ретінде есте қалатыны сөзсіз», - деді Несіпбек Асхат.