$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 104 жасқа келген әже дауыс берді

Он екі құрсақ көтерген әженің қазір 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшегі бар

Атырауда 104 жасқа келген әже дауыс берді

Атырау облысында 104 жастағы қарт ана дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Балзиба Мажитова 1918 жылы дүниеге келген. Қазір 104 жаста. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек етіп, 12 құрсақ көтерген. Ғасырдан асқан шағында 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшектің қызығын көріп отыр. Қария ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, батасын берді.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді кейінгі жастар қиындық көрмесін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын», - деді Б.Мажитова.

Атырау облысы бойынша үйден дауыс беруге мүгедектігі бар, науқас және қарт сайлаушылардан барлығы 773 өтініш түскен.

Серіктес жаңалықтары