Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әжей сайлау учаскесіне барып дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қалиева Сырға Тілеубайқызы сайлау учаскесіне өзі барды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының жұртшылығына «Ғасыр әже» деп танылған Қалиева Сырға Тілеубайқызы сайлау учаскесіне өзі барып, дауыс берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бір ғасыр куәгерімін. Талай қиыншылықты басымнан кешірдім. Біздің ұрпақтың көрген қиыншылығын жастарымыз көрмесін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, аспанымыз ашық, дұшпанымыз қашық болсын- деп Сырға әже батасын берді.