Еліміздегі ең жас отбасы дауыс берді
Сайлау күні дауыс беруге асыққандардың бірі - Ақжол мен Гүлім Асқарбековтер
18 жастағы қос құрдас бір сыныпта оқыған, жақында отбасын құрған. Екеуі де студент. Ақжол Алматы қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алады. Ал, жары Гүлім Әмірғали Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде аудармашы мамандығын меңгеруде.
«Біздің кәмелет жасқа толып, отбасын көтерген уақыт елдегі сайлаумен тұспа-тұс келгені біз үшін өте қуанышты жайт болды. Бүгіннен бастап, біз өз дауысымызды беріп, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті дауыс беру үшін Алматы қаласынан ауылыма арнайы келдім»,- деді Ақжол Асқарбек.
Көксу ауданында 26 146 сайлаушы бар. Оның 51-і мүмкіндігі шектеулі азамат болса, 311 сайлаушы алғаш дауыс беру құқығына ие болып отырған жастар.