20.11.2022, 12:59
Жаңалықтар
Астанада жас жұбайлар үйлену тойы күні сайлау учаскесіне барып дауыс берді
Аталған сайлау учаскесінде 2729 сайлаушы тіркелген
Елорданың Есіл ауданындағы №127 сайлау учаскесінде жас жұбайлар үйлену тойы күні дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біздің көңіл күйіміз көтеріліп тұр, өйткені бұл – ел үшін де, біз үшін де өте маңызды күн. Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін тойымыз болса да, келіп таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын», – дейді 25 жастағы Әлішер Айтбаев.

Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 2729 сайлаушы тіркелген.
Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Амангелді Қисабековтің айтуынша, қазірдің өзінде 400-ге жуық азамат дауыс беріп үлгерген.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты