Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси ұйымдастырылды

Azattyq Rýhy

Сайлау учаскелерінде мүгедек жандардың дауыс беруі үшін бар жағдай жасалған

Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси ұйымдастырылды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ЕХӘҚМ үйлестіру кеңесінің мүшесі, I топтағы мүгедек Ұлан Іңкәрбеков өзінің №42 сайлау учаскесіне инватаксимен келді.

«Бүгінгі сайлау өте қарқынды өтіп жатыр. Мен жаңа ғана өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ, адамдардың дауыс беруге біртіндеп келіп жатқанын көріп тұрмын. Мүгедектерге ешқандай кедергі жоқ, мені учаскеге дейін арнайы көлікпен алып келді. Кабина өте қолжетімді болды, көру қабілеті нашар адамдарға арналған үлкейткіш әйнек, зағиптарға арналған Брайль трафареті бар әрі іші кең. Мен өз арбаммен оп-оңай кіріп-шыға алдым. Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды», - дейді Ұлан Іңкәрбеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.