$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында өз таңдауын жасады

Ол Астана Опера театрындағы №393 учаскеге келді

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР президенттігіне сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол «Астана Опера» театрындағы №393 учаскеге келді. 

«Әрине, тәуелсіздігіміз бар, мемлекет құрылды, менің жетекшілігіммен елорда салынды, бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Ол үшін бір президенттің төңірегінде жұмыс істейтін халықтың бірлігі қажет. Бұл қазақ халқының, Қазақстан халқының болашағы үшін өте маңызды. Мұны халқымыз түсінеді деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Республика бойынша барлығы 10 101 сайлау учаскесі бар. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 53 шет мемлекетте 68 учаскелік комиссия құрылды.

Сайлау құқығына ие азаматтардың тізіміне барлығы 11 950 485 адам енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне алты кандидатты тіркеді:

- Қасым-Жомарт Тоқаев – «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан және Қазақстан халық партиясынан;

- Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;

- Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;

- Салтанат Тұрсынбеков – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен;

- Мейрам Қажыкен – «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;

- Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП).

Серіктес жаңалықтары